«Ұлы дала кілемдері» кілемдер жәрменкесі

15 – 24 желтоқсан, 10:00 – 19:00 аралығында, Балуан Шолақ спорт сарайында өтетін «Ұлы дала кілемдері» жәрменкесіне шақырамыз!
«Ұлы дала кілемдері» жәрменкесі – еліміздің ең ауқымды іс-шарасы, онда Бельгияның, Түркияның, Иранның, Ресейдің, Өзбекстанның және Қазақстанның 1000-нан астам кілем түрлері көрсетілімге қойылады. Жәрмеңкеде эксклюзивті кілемдер мен жаңа тауарлар топтамасы ұсынылады. Кілемдер қол жетімді бағада, өндіруші бағасымен сатылады.
Сонымен қатар, кілемдерді дұрыс таңдау үшін күнделікті мастер – класс өткізіліп, ұтыс ойындары болады. Жалпы 20-дан астам кілем ойнатылады.

Келіңіздер! Кіру тегін

Тел: +7(701)88 000 51, +7(775)927 29 09.

P.S. Нақты мекен-жайы: Алматы қ. Абай даңғылы 44, Байтұрсынов көшесінің қиылысы